Павлодарда мас күйінде көлік тізгіндеген бірнеше жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Тәртіп сақшылары тәулік ішінде 237 құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әр жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар тиісті шара қабылдау үшін сотқа жолданған. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
– 2023 жылғы 9 ақпанда сағат 03.00 шамасында облыс орталығының автожанармай құю станциясының жанында 40 жастағы жүргізуші басқарған «Volkswagen Passat» маркалы автокөлік тоқтатылды. Сол күні сағат 07.25-те Жібек Жолы көшесі, 11/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы ВАЗ-21103 маркалы автокөліктің 18 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Медициналық куәландыру олардың алкагольді мас болғанын көрсетті, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Сонымен қатар, Баян Батыр көшесінде сағат 00.25-те ВАЗ 2104 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі, сағат 05.15-те Естай көшесінде «Chevrolet» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі, сағат 10.30-да Лермонтов көшесінде «Toyota LC» 150 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі, сағат 14.30-да Абай-Толстой көшелерінің қиылысында «Toyota» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі тоқтатылды.
Айта кетерлігі, биылғы жылдың басынан бастап облыс жолдарында 161 жүргізуші алкагольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралын жүргізген. Әр жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы бапты бұзғаны үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу, 7 жылға дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram