Павлодарда теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (ВИДЕО)
Ғимарат соңғы 20 жылда жөндеуден өтпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парқшасында осы жылдың ақпан айында әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде теміржол вокзалын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырғанын жазды.
- Теміржол вокзалын Павлодар қаласының 4000-нан астам тұрғыны мен қонақтары күн сайын пайдаланады. Аталмыш ғимарат соңғы 20 жылда мүлдем жөндеу көрмеген. Вокзалды қайта жаңарту бойынша жұмыстар өңірдегі қала құраушы компаниялардың бірі - KAZ Minerals Boshakol есебінен жүргізіледі, - деп жазды аймақ басшысы.
Мұнда жылумен және сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру жүйелерін толығымен жаңарту, аспалы төбені және еденді ауыстыру, ыңғайлы кассалық аймақтарды, күту залын, фудкортты және т. б. жаңарту жоспарлануда.
- Бүгінгі таңда жұмыстардың қарқыны жақсы. Құрылыс-монтаждау жұмыстары ғимараттың 2-қабатында басталды, жаңа жылумен жабдықтау жүйесі орнатылып, барлық қажетті материалдарға тапсырыс берілді. Жөндеу жұмыстарын нысанды пайдалануды жалғастыратын жолаушыларға кедергі болмайтындай және жұмыстардың сапасына баса назар аудара отырып, осы қарқында жалғастыруды тапсырдым, - деп толықтырды Асайын Байханов.
Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram