Қазан айында Ақтоғайда Шұға ауылының тұрғындары орталықтандырылған суға қосылады
Бүгінде резервуар орнатылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Жолболды ауылдық округінің Шұға және Шілікті ауылдарына барып, ағымдағы жобалардың жұмыс барысымен танысты.
– Шұға ауылында су құбырының құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде және көлемі 50 текше метр болатын резервуарды орнату жоспарлануда. Суды алдын ала іске қосу 15 қазанға жоспарланған,– деп жазды аудан әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, ауылда медициналық пункт құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол жерде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ) жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба бойынша жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Шілікті ауылында спортзал құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта ағаш еденді төсеу жұмыстары жүргізілуде, беткейлерді орнату, сырлау және ішкі безендіру жұмыстары пысықталуда. Келесі аптада электр жұмыстары басталады. Құрылысты 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тексеру барысында жылыту жүйесін орнату бойынша ескертулер атап өтілді, қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.