Павлодарда той кортежі көлік қозғалысына кедергі келтірді

Павлодарда той кортежі көлік қозғалысына кедергі келтірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерге айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі бейнероликтер арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтады.

– Тәртіп сақшылары Н.Назарбаев даңғылында төтенше жағдай туғызған той кортежін байқады. Toyota және Lexus жүргізушілері жол ережесін бұзып, басқа көліктерді жылдамдық пен бағытты өзгертуге мәжбүрлеген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді департаментте. 

Екі жүргізушіге 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынса, BMW жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау талаптарын орындамағаны үшін 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.