СҚО-дан су тасқынымен күрескен павлодарлық құтқарушылар оралды

СҚО-дан су тасқынымен күрескен павлодарлық құтқарушылар оралды
Фото: облыстық ТЖД

Оларды облыстық ТЖД гарнизоны қарсы алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірлік апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, өрт сөндірушілері мен қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында 19 тәулік бойы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізген болатын. Атап айтқанда, жеке құрамның 55 адамы және 19 техника жұмылдырылды.

–  Қызметкерлеріміз он екіге жуық елді мекенде қызмет атқарды. Халықты, мүлікті, үй жануарларын эвакуациялау, еріген суды сорып шығару, бөгеттерді құру, қапшықтар дайындау жұмыстары жүргізілді,– деді облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметінде.


Батырларды туыстары, әріптестері, департамент басшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Қызметкерлерге ТЖ министрлігі, басшылық және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары атынан алғыс айтылды.