Павлодарда туристік көрме өтеді

Павлодарда туристік көрме өтеді
Фото: Константин Шелков

Іс-шара халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарының туристік фирмалары мен қолөнершілері, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Ертіс орманы» орман резерваты, «Мойылды», «Энергетик», «Черноярская маржаны» шипажайлары қатысады.

Кездесу шеңберінде концерттік бағдарлама, қолөнершілер көрмесі, салтанатты құттықтау және марапаттар табыстау ұйымдастырылады.

Туристік көрме 27 қыркүйекте сағат 10:00-де «Saida Plaza» залында өтеді.