Павлодарда тұрғындардың жазғы қауіпсіздігі тұрақты бақылауда болады
Аталған мәселелер аппараттық кеңесте талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қала әкімі Хасар Хабылбеков кезекті аппараттық кеңес өткізді.
Жиынның басында қала басшысы қатысушыларды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, жаңартылған Ата Заң әділдік, заңдылық және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.
Кеңестің негізгі тақырыбы жазғы кезеңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері болды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіз демалысты ұйымдастыру шаралары қаралды.
Кеңесте шомылу маусымына ерекше назар аударылды. Қалада қажетті қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған коммуналдық және жекеменшік жағажайлардың жұмыс істеп тұрғаны атап өтілді. Сонымен қатар, тұрғындар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты қызметтерге профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, рейдтік іс-шараларды жалғастыруды және жазғы маусым бойы Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.