Павлодар жастары референдумда дауыс береді
Белсенділер дөңгелек үстелде өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде Еңбек күніне орай атом электр станциясын салу бойынша алдағы референдумға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысушылар атом энергетикасын дамыту перспективаларын, кадрлық әлеуетті және еңбек жастарының жетістіктерін талқылады.
Іс-шараға жалпы алғанда 50 адам қатысты. Олар: «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының облыстық штабының, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалдарының және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшы жастары.
АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халық штабының жұмысы туралы AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Мерғали Жүсіп айтып берді.
Оның айтуынша, аталмыш жұмыс негізгі атом электр станциясын салудың маңыздылығын атап өтуге және қайшылықтарды жоюға бағытталған. Күн сайын халықпен кездесу жұмыстарын жүргізіп, аудандарда түсініктеме беріп, үгіт материалдары тарататылып, референдумда дауыс беруге сендіреді. Спикер мұндай маңызды шешімді бүкіл халық қабылдауы керек екеніне сенімді.
Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада университеттің Торайғыров оқытушысы Әлібек Анарбек, Марғұлан университетінің студенті Данил Дзюба сөз сөйледі.