Павлодарда университет «шетелдік студенттердің тірегіне» айналды

Павлодарда университет «шетелдік студенттердің тірегіне» айналды
Фото: Торайғыров университетінің баспасөз қызметі

ЖОО-да шетелдік студенттерді бейімдеу бағдарламары бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Торайғыров университеті» КЕАҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР азаматы емес қазақ ұлтының өкілдеріне арналған дайындық бөлімдері жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова қатысты.

Күн тәртібінде №554 «Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары» және №600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе талқыланды. 

– 2019 жылы біздің ЖОО  ҚР азаматы емес қазақ ұлтының өкілдеріна арналған дайындық бөлімдері бойынша РОӘК айналды. Біз үшін бұл қуанышты жаңалық, себебі университетіміз тірек оқу орны ретінде таңдалды. Сол уақыттан бері отандық университетті біріктіріп, типтік оқу ережелері, түрлі бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестірумен айналысамыз. Мәселен, шетелдік студенттерді бейімдеу бағдарламалары бар, – деп атап өтті Foundation факультетінің деканы Сауле Кісембаева.

Айта кетейік, Торайғыров университеті ҚР азаматы емес қазақ ұлтының өкілдеріне арналған оқу бағдарламалары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік қызметін атқарады. 

Онлайн форматта өткен отырысқа еліміздің 13 жоғары оқу орны  мен ЖОО проректорлары қатысты. Бұл білім беру ошақтарында дайындық бөлімдері бар.