Жағдай жасаймыз: Шарбақты ауданында жас мамандарды жұмысқа шақырады
@Pavlodarnews.kz тілшісі облыс аудандарында жастарға университеттің дипломы қажет емес деген пікірді жоққа шығаруға тырысып көрді.
Шарбақты ауданында билік көшіп келген мамандарға жұмыс табуға және баспана беруде көмектеседі. Бірнеше жыл ішінде бұл ұсынысты аудандық ауруханада жұмыс істейтін алты дәрігер мен медбике пайдаланды. Қызметкерлердің бір бөлігі – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға оралған Шарбақты тұрғындары.
– Мен Ресей Федерациясындағы медициналық колледжді бітіріп, үйге оралғым келді. Шарбақтыда тағылымнан өткен кезде жақсы ұжымды көріп, осында қалу туралы шешімді қабылдадым. Алдымен мен процедуралық медбике болдым, содан кейін олар мені басқа қызметке ауыстырды, – деді аудандық аурухананың терапия бөлімінің пост медбикесі Дарья Куприна.
Оның айтуынша, әкімдіктің экономика бөлімінде оған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысып көруге кеңес берді. Кейін медбике тұрғын үйге пайызсыз несие алып, пәтер сатып алды.
– Айына 52 мың теңге төлеймін, бірақ бұл – жас маман үшін үлкен қолдау. Өйткені бұл ақша жалдамалы пәтер иесіне бермей, өз баспана үшін төлеймін, – деді Дарья Куприна.
Шарбақты ауылының тумасы, мұғалім Нахзима Тамарғалиева да көп бөлмелі үй алып, қуанышын білдіруде. Бірнеше жыл қалада жұмыс істегеннен кейін ол мемлекеттік бағдарлама бойынша кіші Отанына оралды.
– Мен бағдарлама бойынша өтініш берген болатынмын. Төрт айдан кейін оны мақұлдап, рәсімдедім. Енді екі жарым ай бойы өз үйімде тұрамын, – деді мектептен тыс жұмыс орталығының фото-бейне студиясы үйірмесінің жетекшісі Нахзима Тамарғалиева. – Оқушыларыммен түрлі бейнероликтер түсіреміз, фотография, бейнемонтаж тарихын зерттейміз. Тимбилдинг ұйымдастырып отырамыз. Балаларға ұнайды. Олар тамыз айынан бастап қоңырау шалып, қашан жаттығуды бастаймыз деп сұрайды.
Клубқа 5-10-сынып аралығында 20 оқушы барады.
Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұловтың айтуынша, ауданға білім беру саласында 10 жас маман, денсаулық сақтау саласында 12 жас маман келіп, басқа құрылымдарда 6 адам бос жұмыс орындарына орналасты.
– Жастарды, түлектерді, елдің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарын шақырамыз. Біз оларға барлық жағдайды жасаймыз: жұмыс табамыз, баспана аламыз, – деп уәде берді аудан басшысы.
Оның айтуынша, ауданға медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызмет қызметкерлері керек.