Павлодарда велосипедпен жоғалып кеткен жігітті Успен тас жолында көрген
Еріктілер төрт күн бұрын үйінен шығып кеткен Рауан Махмудовты іздеу шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің айтуынша, куәгерлер жоғалып кеткен жігітті Успен тас жолында көрген және қазіргі таңда сол ауылда болуы мүмкін деген болжам бар.
– Екінші күн қатарынан сол жақта орналасқан барлық ауылдар пысықталуда. Сондықтан біз жергілікті тұрғындардан қандай да бір ақпарат болса, хабарласуды сұраймыз. Себебі, сол маңда жүруі мүмкін. Рауан көп сөйлей қоймайды, тілінің кемістігі бар. Оң аяғын сылтып басады. Ақшасы мен тамағы да болмауы мүмкін, – дейді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, Рауан Махмудов 7 маусым күні Павлодар қаласында үйінен белгісіз бағытта қызыл жолақтары бар қара велосипедпен шығып кеткен, рюкзагы болған.
Егер оны көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге дереу +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) whatsapp нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.