Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің арасы аяздан сәл алшақтап кетті
Көпір тексеруден өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Автомобиль жолдарының ұлттық операторы Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, 13 желтоқсанда «ҚАЖсервис» ЖШС ПОФ қызметкерлерімен Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін тексеру барысында деформациялық аралықтың кеңеюі және қоршауының алшақтығы анықталды.
Аталған факті бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ПОФ «КАЖсервис» ЖШС, «Қазақжолқұрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы, «Engeneering Services» ЖШС техникалық қадағалау өкілдері және жобаның авторы «Казахстанский Промтранспроект»» ЖШС бірлесіп, көпірдің жай-күйіне визуалды тексеру жүргізілді.
– Зерттеу нәтижесінде температураның төмендеуі нәтижесінде деформациялық аралықтың 7-ші және 9-шы тіректерде 10-16 сантиметрге кеңейгені анықталды. Тіректер қанағаттанарлық жағдайда, – дейді филиалда.
Сондай-ақ компанияда қазіргі уақытта тік және көлденең ығысу, бұзылу қаупі төніп тұрмағанын хабарлады.