Павлодарда Виктор Цойдың портретін жаңартуда

Ескі сызбаға биыл алты жыл толды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық граффити суретшілері Руслан Касимов пен Владимир Зубко Сәтбаев көшесіндегі ғимараттың қабырғасындағы Виктор Цойдың суретінің стилистикасын өзгертті. Рок музыканттың павлодарлық жанкүйерлер тобы өздерінің кумирінің портретін қалпына келтіруді сұраған.
– Ескі портрет 2019 жылы салынған, биыл алты жыл толды. Қабырғаның бояуы кетіп, сылағы түсе бастады, – деп қосты Руслан Касимов.
Суретшілер қабырғаны екі күн бойы дайындап, екі күн бояды.
– Біз жаңа нәрсе жасағымыз келгендіктен, портреттің өзін өзгертуді ұйғардық, сонымен қатар сурет салу стилін реализмге ауыстырдық. Енді портрет дайын, көбі алдыңғы сурет жақсырақ болғанын айтып жатыр. Қазір жазуларды аяқтау ғана қалды, – деп атап өтті суретші.
«ЦОЙ» деген жазудың орнына «ЦОЙ ЖИВ» қолтаңбасы болады және рок-музыканттың «Люди не могут думать одинаково, но понимать друг друга должны. На то они и люди» деген дәйексөзі өзгеріссіз қалады.
Төменгі жағындағы қызыл фонда портретті жаңартушылар мен бастамашылардың Instagram парақшаларына сілтемелер жазулы болмақ.
Фото: Руслан Касимов