Павлодарда вокзал сағаты электронды болады

Павлодарда вокзал сағаты электронды болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сонымен қатар, оның қаптамасы жөнделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша вокзал маңындағы алаңды абаттандыру жұмыстары басталды.

– Бүгінгі таңда біз борттық тастарды бұзу, тас тақтайшаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, шағын архитектуралық нысандар мен қосымша жарықтандыру тіректерін орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, вокзал сағатының қаптамасын жөндейміз, ал механизмнің өзі цифрлық үлгіде болады, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қала әкімі жөндеу жұмыстарының маусымы соңына таяп қалғанын ескере отырып, коммуналдық қызметкерлерге барлық жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)