Павлодар облысында тарифтер қалай есептелді
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» cаясаты коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінде Павлодар облысындағы коммуналдық желілердің тозу деңгейі орташа есеппен 68%. Ең нашар жағдай жылу энергетика саласында – 76%: Павлодар – 82%, Екібастұз – 93%, Ақсу – 64%.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев айтып өткендей, инвестициялық бағдарламаларды реттеу бойынша монополистердің жалпы сомасы 12,8 млрд теңге сегіз өтініші қарастырылды.
- Инвестициялардың басым бөлігі – 9,3 млрд теңге жылумен қамту саласына жолданбақ. Олардың 4,4 млрд теңгесі – «Павлодарэнерго» ЖШС, 1,7 млрд теңгесі – «Павлодар жылу желілері» ЖШС тиесілі. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС 2,3 млрд теңгеге ие болады. Алайда бұл қаражатты меншік иесі өзі жұмсайды, бұл тарифтің өсуіне әсер етпейі, - дейді Ибрагим Тангиев.
Бағдарлама жыл сайын желілер мен құрал-жабдықтар тозу деңгейін екі процентке төмендетеді деп күтілуде. Бағдарламаның тағы бір мақсаты – энергетиктердің жалақысын өсіріп, кәсіпорындардағы кадр тапшылығын жою. Қазірдің өзінде өндірістік персонал жалақысы 335 мың теңгеге өсті.
- Кадр тапшылығының көрсеткіші едәуір төмендейді деп күтудеміз. Бұл жалпы Қазақстанның әрбір өңіріне тән мәселе. Барлығы дерлік кәсіпорындарда тапшылық көрсеткіші 15 процентке тең, - деді Ибрагим Тангиев.
Тарифтерге келсек, олар 1 тамыздан бастап күшіне енеді және облыс тұрғындары үшін орташа есеппен 27 процентке артады.
Жылу төлемдері әр қалада әртүрлі көтеріледі. Мысалы, Павлодарда жылу үшін тұрғындар 5% көбірек төлесе, Ақсуда – 11% артық төлейді. Екібастұзда жағдай күрделілек, дегенмен Ибрагим Тангиев мұнда да өз болжамымен бөлісті – тариф 27-30%-ға өседі.
Одан бөлек, департамент қызметкерлері ерінбей тұрғындардың 1 тамыздан бастап түбіртектерінде көретін айырмашылықты есептеп қойған.
- Өз түбіртектерімізді алып, жаңа тарифтерге көбейттік, - дейді Ибрагим Тангиев. – Ақсу мен Екібастұздағы таныс-жолдастарымыздан түбіртектерді бізге жолдауды сұрап, дәл солай жасадық. Орташа есеппен 1 770 теңге болып шықты. Екібастұзда болса, жылу төлемі шамамен 3 000 теңгеге артпақ.
Монополистер өтініштерінің барлығы кез келген адам пікірін білдіре алатын қоғамдық тыңдауларда талқыланады. Мәселен, қоғамдық қайраткерлердің инвестицияларды желілер мен құрал-жабдықтарға ғана жұмсау туралы өтініштері қабылданды. Сол бойынша монополистер инвестбағдарламалары түзетілді.
Фото: Константин Шелков