Павлодарда волейболдан ел чемпионатының бірінші туры аяқталды
«Тараз» күтпеген жерден көш бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы Ұлттық лига командаларына арналған Қазақстан чемпионатының ойындары 10-18 қараша аралығында «Баянтау» спорт кешенінде өтті. Біріншілікке тоғыз команда қатысты. Бірінші ойын күні «Pavlodar» ВК «Есіл СК» командасын тізе бүктірді.
Бұл матч ел Суперкубогінің иегерін анықтады. Қазақстан Кубогінің финалындағыдай кездесу аса тартысты өтті. Жүлде тағдыры тек тай-брейкте шешілді. Онда «Pavlodar» мінез танытып, ойынды өз пайдасына шеше білді – 15:12.
Соның арқасында павлодарлықтар Қазақстан намысын Азияның клубтық чемпионатында қорғауға мүмкіндік алды. Соңғы рет еліміздің атынан «Атырау» өнер көрсетіп, нәтижесінде оныншы орынға ие болды. Жеңімпаз жапон клубы «Сунтори Санбердз» атанды.
Бірақ, әрі қарай павлодарлықтар аяқалысы нашарлады. 15 қарашада бірінші тур көшбасшылары «Pavlodar» бен «Тараз» өзара кездесті. Ел чемпионы, Кубок және Суперкубок иегері бола тұра, павлодарлықтар жамбылдықтарға мардымды қарсылық көрсете алмады. Қорытынды есеп 0:3.
Ақыры «Тараз» турнир кестесіндегі 17 ұпаймен бірінші орнын сақтап қалды, павлодарлықтар бірінші турды 14 ұпаймен үшінші орында аяқтады. Қос қарсылас арасында Оралдың «Жайығы» орын тепті. Оларда 15 ұпай.
Келесі тур Таразда өтеді. Ойындар 12 желтоқсанда басталады.
Фото: «Pavlodar» ВК