Павлодарда WhatsApp арқылы көрсеткіш тапсыру тәртібі өзгереді
20 қыркүйектен бастап электр энергиясы мен ыстық су көрсеткіштерін арнайы сілтеме арқылы жіберу қажет болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мессенджер арқылы есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау жүйесі жаңартылды. Тұрғындарға жаңа қосымшаларды жүктеудің немесе тіркелудің қажеті жоқ.
Жаңа алгоритм бойынша көрсеткішті жіберу үшін:
- +7 702 739 54 53 WhatsApp нөміріне кез келген хабарлама жазу керек;
- Автоматтандырылған жүйе жауап ретінде ресми сілтеме жібереді;
- Сілтемеге өтіп, электр энергиясы мен ыстық судың ағымдағы көрсеткіштерін енгізу қажет.
Сондай-ақ тұрғындар түбіртектің арғы бетінде орналасқан QR-кодты сканерлеу арқылы да көрсеткіш енгізу бетіне жылдам өте алады.
Бұдан бөлек, көрсеткіштерді бұрынғыша басқа да байланыс арналары арқылы жолдауға болады:
- Telegram-дағы чат-бот: @ПРЭКбот;
- IP-телефония және дауыстық пошта: 8 (7182) 903-309;
- Электронды пошта: KPS@PAVLODARENERGO.KZ;
- Кривенко көшесі, 27 мекенжайындағы өтініштерге арналған жәшік;
- WWW.PAVLODARENERGO.KZ ресми сайтындағы жеке кабинет.