Успен ауданының жастарына «оңай ақшаның» қаупі түсіндірілді

Успен ауданының жастарына «оңай ақшаның» қаупі түсіндірілді
Фото: жасанды интеллект

Полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жасөспірімдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүздесу ашық диалог форматында өтті. Тәртіп сақшылары мен жасөспірімдер өмірде кезігетін өзекті мәселелерді талқылады.

Полиция өкілдері жаңа қылмыс түрлеріне ерекше назар аударды. Соның ішінде дропперлік туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды заңсыз қаржылық схемаларға қалай тартатынын және банк карталары арқылы «жылдам табыс» іздеу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін пайымдады. Есірткі тақырыбында тек денсаулыққа зияны ғана емес, психотроптық заттарды таратуға қатысқаны үшін қарастырылатын қатаң заңдық жауапкершілік те түсіндірілді. Буллинг мәселесі бойынша жасөспірімдер арасындағы қысым көрсетудің психологиялық және құқықтық салдары талқыланып, жауапкершілік ескертілді.

Кездесу қызықсыз дәріс болмас үшін офицерлер нақты өмірден мысалдар келтіріп, бір ғана қателіктің адамның тағдырын қалай өзгерте алатынын көрсетті. Қатысушылар мамандарға өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

– Біздің мақсат – қорқыту емес, жастарды сыни ойлауға үйрету. Полиция мен жастар арасындағы сенім – өңір қауіпсіздігінің кепілі, – дейді Успен ауданы полиция бөлімінде.

Мұндай кездесулер алдын алу жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Құқықтық сауаттылықты арттыру жастарға қауіпті дер кезінде танып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.