Павлодарда заңсыз қоқыс тастаушыларға қарсы жұмыс күшейтіледі

Павлодарда заңсыз қоқыс тастаушыларға қарсы жұмыс күшейтіледі
Фото: Константин Шелков

Құқық бұзушыларды анықтау үшін мониторингтік топ құрылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бүгін «AMANAT» партиясының депутаты, қалалық мәслихат, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, қоқыс алаңдарын тексеру бойынша рейд өткізілді. 

 – Жергілікті органдардың бақылауы арқылы заңсыз қоқыс тастаған аймақты анықтадық. 10 шілдеге дейін қоқысқа айналған аумақты тазартумен айналысамыз. Олар міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – дейді Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Қоқымбаев.

Спикердің айтуынша, мұндай жерлерде адамдар белгілі қаражатты үнемдеу мақсатымен осындай әрекеттерді әдейі жүзеге асырады. Енді полиция қызметімен бірлесе отырып, жергілікті органдардың жұмысы күшейтіледі.  Құқық бұзушыларды мониторинг арқылы қадағалайтын болады. 

Бүгінде Павлодар қаласында – 10, Екібастұзда – 7, Ақсуда – 2 қоқыс алаңы бар. Бұдан бөлек, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ деректері бойынша, әлі де өңделмеген 30 қоқыс алаңының суреттерімен жұмыс атқарылмаған. Алдағы уақытта көптеген фотосуреттер енгізіледі деп жоспарлануда.

– Экология департаменті рейдтер мен мониторингті жүзеге асырудың екі жолымен рұқсат етілмеген полигондардың деректерін анықтайды. Сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ сәйкес бұл мәліметтерді жергілікті атқарушы органдарға жібереді, – дейді спикер.

Аталмыш компания Экологиялық кодекстің 365-бабына сәйкес қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі аумақтарды ұстауға жауапты. 

Алдағы уақытта Экология министрлігі сөз қозғаған мәселелерді қарастыруда полигондарға қаражат бөледі. Яғни, осы бағытта толық субсидияланатын болады.

Айта кетейік, жыл сайын жергілікті атқарушы органдар абаттандыру қағидалары шеңберінде аумақтарды тазартуды жүргізеді.