Павлодарда зейнеткер көпқабатты үйден құлап көз жұмды

Оқиға орнында келген медициналық қызмет өкілдері оның қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 шілде күні кешкі уақытта 68 жастағы ер адам Назарбаев көшесі, 97 мекенжайындағы көпқабатты үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен. Жедел жәрдем бригадасы оның өмірмен сыйыспайтын ауыр жарақаттар алғанын анықтап, қайтыс болғанын растады.
Аталған факті бойынша полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастады.