Павлодарда зейнеткер өлім аузынан аман қалды
Облыстық жедел жәрдем станциясының бригадасы кезекті сәтті реанимацияны орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
103 қызметінде Қазақстанда ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізу медперсоналды тұрақты оқытудың нәтижесі екенін атап өтті.
Жақында өңірлік жедел жәрдем станциясының базасында профессор Нұржан Отарбаев жүргізген «Щұғыл көмек және науқастарды ауыр жағдайда тасымалдау» курсы бойынша оқыту өтті. Ал қызметке жаңадан келген фельдшерлер электрокардиограммамен жұмыс жүргізуді үйренді.
– Біздің дәрігерлерді тұрақты оқыту және қайта даярлау 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Әрбір қызметкер – жүргізуші, фельдшер немесе дәрігер шұғыл көмек көрсетудің заманауи әдістерінен хабардар болуы тиіс. Сондықтан міндетті түрде біліктілігін арттырудан өтеді. Жыл сайын 103 базасында кемінде 500 адам білім алады. Тек соңғы екі курста 100-ге жуық медицина қызметкері оқытылды, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Мұндай жұмыс өз нәтижесін береді. Павлодарлық жедел жәрдем көптеген жылдар бойы Қазақстандағы ең маңызды көрсеткіштердің бірі – табысты реанимациялар үлесі бойынша көшбасшы болып келеді. Осы жылы орындалған 11 реанимациялық шараның тоғызы сәтті болды.
Жақында ғана Павлодарда 76 жастағы ер адам өлім аузынан аман қалды. 9 қазанда 103 медициналық тобы жүрек ритмі бұзылған науқасты тасымалдады.
Жолда оның жүрегі тоқтап қалған. 103 қызметкеріне ер адамды өмірге қайтару үшін дефибрилляторды қолдану және реанимация қажет болды. Содан кейін науқас салалық мамандар айналысатын аймақтық кардио орталығына жатқызылды.