Павлодар облысында 103 бригадасы жүкті әйелді реанимобильде босандырып алды

Павлодар облысында 103 бригадасы жүкті әйелді реанимобильде  босандырып алды

Оқыс жағдай бір күн бұрын болған, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, барлық медициналық процедуралардан кейін жедел жәрдем анасы мен баласын облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Павлодар ауданының Набережное ауылынан «103» желісіне шақыру сағат 19:11-де келіп түскен. Жүктіліктің 40-шы аптасында болған 23 жастағы келіншектің толғағы жиілеген. Шақыруға бірінші болып жіберілген ең жақын фельдшерлік бригада 14 минуттан кейін шақырту орнында болды. Осы уақытта арнайы акушерлік-гинекологиялық бригада кездесуге аттанды.

–  Науқасты облыстық перинаталдық орталыққа жеткізу туралы шешім қабылданды, бірақ ол тасымалдау кезінде босанып қалды, –  дейді аймақтық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. –  Біздің бригада босану кезінде жылу тізбегін сақтай отырып, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Сағат 20:09-да жаңа туған қыз бен оның анасы перинаталдық орталықтың мамандарына тапсырылды. 

Айта кетерлігі, 103 қызметкерлері осымен жыл басынан бері облыста 19 ананы босандырып алған.