Павлодарда МӘМС арқылы тіс ауруларын тегін қай жерде емдеуге болады?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы ауруханалар мен емханалардың тізімімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шұғыл жағдайда тегін тіс емін 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, 1,2 және 3-топтағы мүгедектер, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек балалар немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын, жұмыс істемейтін азаматтар ала алады. Аталған азаматтарға жансыздандыру, салманы дайындау және орналастыру, жансыздандыру арқылы тіс жұлу, периостотомия, абцесті ашу сынды көмек түрлері көрсетіледі.
Ал жоспарлы түрде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге жансыздандыру арқылы тіс жұлу мен салманы орналастырады.
Сондай-ақ, мектептерде оқушылардың ауыз қуысын тексерістен өткізу және жарықтарды жабу сияқты процедуралар тегін жасалу тиіс.
Төменгі медициналық ұйымдарда алдын ала жазылу арқылы стоматологиялық көмек алуға болады:
1. «АЖАР»ЖШС – Лермонтов көшесі, 100/2
2. «Агимбеков» ЖК – Ворушин көшесі, 6/2
3. «Азия-дент» – Бекхожин көшесі, 23
4. «Евродент» – Н.Назарбаев даңғылы, 20
5. «DIDI DENT» ЖШС – Нұрмағамбетов көшесі, 12
6. «ALMAZ MEDICAL GROUP» ЖШС – Г.Дүйсенов көшесі, 4/3
7. «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС – Павлов көшесі, 1/3
8. «POLIKLINIKA №1» ЖШС – Ломов көшесі, 49
9. «Павлодар қаласының № 5 емханасы» ШЖҚ КМК – Қамзин көшесі, 5
10. «Павлодар қаласының № 3 емханасы» ШЖҚ КМК – Украинская көшесі, 38/2
11. «EMDEU CLINIC» ЖШС – Ломов көшесі, 49
12. «Павлодар ауданының емханасы» ШЖҚ КМК – Малайсары батыр көшесі, 66
13. «VIAMEDIS PAVLODAR» ЖШС – Ткачев көшесі, 16/1
14. «MED-C» ЖШС – Батурин көшесі, 4/1
15. «DentalQaz» ЖШС – Павлов көшесі, 30