Павлодарда жалпыоблыстық сенбіліктің өтетін күні өзгерді
Оған ауа райының салқындауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Ауа райының салқындауына байланысты аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпыоблыстық сенбілік ағымдағы жылдың 15 сәуірінен 22 сәуіріне ауыстырылады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 14-15 сәуір күндері облыста ауа райы күрт нашарлайды. Павлодар облысында желдің ұйытқуы 23-28 м/с дейін жетеді. Әрі осы күндері Ертіс-Баян өңірінде қалың қар күтілуде.
Сонымен қатар, жұма, сенбі күндері облыста жолдар көктайғақ болып, даланы қалың тұман басады.