Павлодарда терроризмге қарсы сауда орындары тексерілді
Барлық үй-жайлар, қоймалар мен жертөлелер, эвакуация схемалары мен бейнебақылау жүйесі зерттеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің аяқталуына байланысты өңірдің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғау тұрғысынан тексеруді қайта жандандырды.
– «Сулпак» дүкенін тексердік. Терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйі қазіргі заманғы инженерлік-техникалық жабдықтың болуына және персоналдың қиын жағдайда әрекет етуге дайындығына да байланысты. Ол үшін объектілердің басшылығы оқу-профилактикалық және өзге де іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуі тиіс, – дейді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Асхат Махметов.
Оның айтуынша, террористік тұрғыдан осал барлық нысандар тексеруге жатады. Эвакуация схемасына, баспалдақтардың алаңына және апаттық шығудың қолжетімділігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, тексеру аясында террористік қауіп төнген жағдайда сауда үйлерінің қызметкерлерін оқыту жүргізілуде.