Павлодарда жанармай бекетінің жанында қоқыс өртенді

Павлодарда жанармай бекетінің жанында қоқыс өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына уәкілетті органдар аттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 21:03-те Н.Назарбаев даңғылы, 56 маңында, ашық жерде қоқыс жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері Ак. Шөкин көшесінен Ломов көшесіне дейінгі аумақты қоршауға алды.

– Ашық алаңда қоқыс пен автокөлік дөңгелектері өртеніп, өрт дөңгелек жөңдеу цехының жапсаржайына көшкен. Өрттің ауданы шамамен 10 шаршы метрді құрады, – деді баспасөз орталығында.

Оқиға орнында 1 автоцистерна мен 2 жұмысшы өртпен күресті.

Өрт толығымен сағат 21:53-те жойылды. Жанармай құю бекетіне зақым келген жоқ.