Екібастұз МАЭС-1 стансасындағы энергоблок жұмысы тоқтатылды

Екібастұз МАЭС-1 стансасындағы энергоблок жұмысы тоқтатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл – түтін мұржасын тексеру үшін қолданылып жатқан шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 қарашада сағат 16:00-де Екібастұз МАЭС-1 жабдығын аралау және тексеру барысында №1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін №3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды. 

Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді.