Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті

Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды. 

–  Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр, – дейді ауруханада.

Зардап шеккен баланың айтуынша, аталмыш оқиға Қамзин көшесі 41/1 мекенжайында орын алған.