Қаңтардың басында Павлодар облысында бұрқасын күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, кейде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 6 қаңтарда түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар, боран, күндіз қар мен боран сақталады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөлігінде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -7…-12°С, шығысында -15°С, күндіз -1…-6°С, шығысында -9°С-қа дейін төмендейді.
7 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қар, боран болады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде тұман түсуі мүмкін. Сынап бағанасы түнде -7…-12°С, шығысында -15°С, күндіз -7…-12°, шығысында -15°С-ты көрсетеді.
8 қаңтарда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -10…-15°С, күндіз -5…-10°С-қа дейін төмендейді.
9 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде қар жауады. Сынап бағанасы түнде -4…-9°С, күндіз -2…-6°С-ты көрсетеді.
Сенбіде де қар жаумайды. Түнде ауа температурасы -3…-8°С, күндіз 0…-5°С болады.
Жексенбіде күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде -2…-6°С, күндіз 0…-5°С-ты көрсетеді.