Павлодарда дүкеннің көлікжайы өртенді

Павлодарда дүкеннің көлікжайы өртенді

Оқиға таңғы уақытта болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

18 ақпан күні сағат 06:44-те «101» пультіне өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде «Забава» наубайханасының аумағында М.Жүсіп көшесі, 92 мекенжайында көлікжай өртеніп жатқаны анықталды.

- Өрт сағат 06:57-де оқшауланып, 07:07-де толығымен жойылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт аумағы екі шаршы метрді құрады.