Павлодарда жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші жазаланды
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Торайғыров көшесінде Audi автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол бермеген.
Жыл басынан бері ғана облыс бойынша 130 жүргізуші осындай әрекеті үшін жазаға тартылған.
Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін өткелге кенеттен жүгіріп шықпау керектігі ескертілді.