Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Оқиға салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, М. Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
– Алдын ала мәлімет бойынша, жаяу жүргінші мас күйінде болып, жолдың белгіленбеген жерінен өткен. Оқиға салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, – деді депратаментте.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.