Майқайың кенішінде автобус жердің астына құлаған сәтінің бейнесі пайда болды
Әлеуметтік желіде апаттың бейнежазбасы таралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бейнежазбада Майқайың кеніші шахтасының маңында автобустың тазарту кеңістігіне құлаған сәті айқын көрінеді. Аталмыш бейнені «Майқайың-алтын» АҚ шахта басшылығы растады.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарда сағат 01-25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайың-алтын » АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын. Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Екі адамның денесі табылды. Іздеудің төртінші күні құтқарушылар Майқайың кенішінде болжам бойынша құлауы мүмкін автобустың орнын анықтады. Бүгінгі таңда ауыр техниканы кеніш түбіне түсіру үшін қазба жұмыстары жүргізілуде.
Фото: Валерий Бугаев