Павлодарда жаздың соңғы кеші хиттермен тербеледі
Танымал жұлдыздар Ertis Promenade-та бас қосады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
29 тамыз күні сағат 19:00-де бас сахнада «Ertis sound 2026» музыкалық кеші өтеді. Бағдарлама аясында көрермендер алдында «Краски» тобы, Mona Songz, Sogdiana, Amirchik және Meoooow Dammit өнер көрсетеді.
Музыкалық кеш жаздың соңғы күндерін ерекше атмосферада өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көпшілік танымал орындаушылардың жанды дауыстағы өнерін тамашалап, сүйікті әндеріне қосылып, көтеріңкі көңіл-күйге бөлене алады.
Еске сала кетейік, осы аптада Ertis Promenade-тың бас сахнасында өтетін іс-шаралар туралы бұған дейін жазған болатынбыз.