Ertis Promenade-де сахнасында осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

Ertis Promenade-де сахнасында осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: Ольга Бугаева

Жаздың соңғы аптасында павлодарлықтарды әр кеште ерекше мәдени шаралар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы басты сахнада бір апта бойы өтетін шаралар төмендегідей:

24 тамыз күні сағат 20:00–21:00 аралығында «Павлодар спортта» — TOP STAR фитнес-клубының түрлі форматтағы жаттығулары. 

25 тамызда сағат  18:00-де  «JASTAR STAR» қалалық жас таланттар байқауы. 

26 тамызда сағат  15:00-де «National Festival» жастар фестивалі. 

27 тамызда сағат  19:00-де Екібастұз қаласының шығармашылық ұжымдарының концерті. 

29 тамызда сағат  19:00-де «ERTIS SOUND 2026» музыкалық кеші. 

30 тамызда сағат  18:00-де «Ертіс» лигасының КВН ойындары.