Павлодардағы ХҚКО басшысы тұрғындарды ресми дереккөзге сүйенуге шақырды

Павлодардағы ХҚКО басшысы тұрғындарды ресми дереккөзге сүйенуге шақырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мекеме жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңір бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мекеме жұмысына қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуы жиілегенін мәлімдеді.

Филиал директоры Асылбек Сапарбекұлының айтуынша, бұл жағдай қоғам алдындағы этика нормаларын бұзып қана қоймай, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес беріледі. Корпорация қызметіне қатысты барлық өзекті мәліметтер ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда және байланыс арналары арқылы жарияланады.

Мекеме өкілдері кері байланысқа әрдайым ашық екенін және заң аясында барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін атап өтті.