Павлодарда «Жеті жарғы» сабағы өткізіле бастады
Жоба мектеп оқушыларының құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар мектепті, колледжді немесе университетті бітіргеннен кейін тәуелсіз өмірге дайын болуы үшін «Добрая Домашка» орталығында балаларды жан-жақты тәрбиелеу ісі қолға алынды.
– Бұл жұмысқа заң педагогтары, бизнес-тренерлер, белсенді құқық қорғау қызметкерлері, практикалық заңгерлер, тіпті судьялар да тартылды. Әрбір сабақ бір академиялық сағат (45 минут) деп есептелген. Сондай-ақ теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды, – дейді ұйымдастырушылар.
«Добрая Домашка» жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін сынақ сабақтарын өткізді. Пилоттық түрде өткізілген сабақта бұл ақпарат тыңдаушыларды шынымен қызықтыратынын көрсетті. Жеткіншектер ата-аналарымен және жаттықтырушыларымен келісімшарт жасап, өздерін сауда менеджері ретінде сынап көрді.