Железин ауданы мектептерінің бірінде бірнеше күн жылу болмады
Мектептегі жылу режимі стандартқа сәйкес келмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылындағы білім ошағы жылусыз қалған. Бұған жылу желілері режимінің стандартқа сәйкес келмеуі себеп болды. Соңғы жылдары магистральдық желілердің тозуына байланысты жылу желілерінде апаттар жиілеп кетті.
Аудан басшылығы иесiз желiлердiң бұл учаскесiн ауданның коммуналдық меншiгiне қабылдап, жөндеуден өткiзуге бел байлаған. Соның нәтижесінде ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен 18 млн теңгеге 900 метр магистральдық желі жөнделді. Жұмыстар 1 қазандағы нормативтік мерзімде басталған жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталды.
22 қарашасында Ертіс орта мектебінде жылу режимінің сәйкессіздігі туралы арыздан кейін жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Нәтижесінде, 24 қараша күні жылу қалыпты жағдайға келтірілді. 26 қарашадан бастап мектептің сырттан келетін құбырдан жылудың температурасы +40 °C, жылудың шығуы +38 °C, кабинеттерде +18.9 °C, дәліздерде +16 °C мөлшерін көрсетіп тұр.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстары кезінде мектеп оқушылары 20-22 қараша аралығында үш күн қашықтықтан білім алды. Ал 23-24 күндері көктайғаққа байланысты аудандағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқыды.