Екінші Павлодарда көп қабатты үйлер мен нысандар жылусыз қалды

Екінші Павлодарда көп қабатты үйлер мен нысандар жылусыз қалды
Фото: Константин Шелков

Жылу желісінде ақау анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде құбырдағы ақау салдарынан жер астынан су атқылап жатқаны түсірілген видео таралды. 

– Он бір көп қабатты тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанда жылу өшірілді. Павлодар жылу желілерінің мамандары жуық арада ақауды жойып, қалыпқа келтіреді, – деп хабарлады 109 қызметінде.

Қамзин көшесіндегі 15, 17 (1-4), 19/1, 19, 1п, 21 (1-4), 23 (1-4), 25(1-4), 25,4п, 27(1-4), Московская көшесіндегі 34, 64 үйлерде жылу өшірілді.

Сондай-ақ Қамзин көшесі, 5 (№ 5 ересектер емханасы), Қамзин көшесі, 7 (№ 5 балалар емханасы), Московская көшесі, 5 (әскери-техникалық мектеп),  Московская көшесі, 82 (№3 балабақша), Қамзин көшесі, 9 мекенжайында жылу беру тоқтатылды.

Шамамен сағат 19.00-де жылу желісін қалыпқа келтіру жоспарланып отыр.