Павлодарда жылу келісімін уақытында жасамағандар қызметтен айырылуы мүмкін

Бұл тек коммерциялық тұтынушыларға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Павлодар қаласында жылу энергиясын коммерциялық мақсатта пайдаланатын тұтынушылар үшін маңызды өзгеріс күшіне енді. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жылумен жабдықтау қызметін жаңа жеткізуші – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-не тапсырады.
Осыған байланысты, міндеттемедегі тұлғаларды ауыстыруға қатысты қосымша келісімдерге 2025 жылғы 11 тамызға дейін қол қойылуы тиіс. Егер тұтынушы келісімге осы мерзімге дейін қол қойып, оны Кривенко көшесі, 27, 101/3 кабинетіне ұсынбаса, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС жылумен жабдықтау қызметін уақытша тоқтатуға құқылы.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс – 12:00-ден 13:00-ге дейін.
Қосымша келісімдерде тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем жүргізуге арналған жаңа деректемелер көрсетіледі.
Сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7182) 39-96-99, 39-96-69, 39-98-65, 39-98-20, 39-98-85.