Павлодарда жылу магистралінде анықталған ақаулар жойылуда

Павлодарда жылу магистралінде анықталған ақаулар жойылуда
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Ақау Мәшһүр Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ мәлімдеді.

- Солтүстік желілік ауданда Мәшһүр Жүсіп-Торайғыров көшелерінің қиылысындағы №6 жылу магистралінде анықталған ақауларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақауларды жоюдың болжамды уақыты бүгін, 15 мамыр сағат 17:00-ге дейін деп болжануда, - деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары Павел Плетухов. 

Айта кетелік, ақау жөнделгеннен кейін желі сумен толтырылатын болады.