Павлодар облысында барлық бағыт бойынша жолдар ашылды
Алайда өңірде дауылды ескерту әлі де сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде хабарлады. Павлодар облысының барлық бағыттағы жолдар бойынша қозғалыс ашық. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан жүргізушілер үшін Астана-Ерейментау-Шідерті бағыты бойынша жол жабық болатын.
Айта кетейік, облыста дауылды ескерту әлі де күшін жоймады. Өңіріміздің оңтүстік пен шығысында көктайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 15-20, ал кей жерлерде 23 метрге дейін соғады.