Павлодарда жол ақысы 100 теңге болады

Павлодарда  жол ақысы 100 теңге болады
Фото: Константин Шелков

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс орталығында қоғамдық көлікте  – трамвай, автобуста жол жүру ақысы өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, банктік аударыммен төлеу кезінде жол жүру ақысы 100 теңгені, қолма-қол төлеу кезінде 200 теңгені құрайды.

– Бұл шаралар қазіргі автокәсіпорындардың сапалы жұмыс істеуі үшін қажет: бұл қоғамдық көлікті дамытуға, жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуға және жылжымалы құрамды жаңартуға қаражат бөлуге мүмкіндік береді, – дейді әкімдікте. 

Осылайша, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап сараланған тарифті енгізудің нәтижесінде автотасымалдаушылар 110 үлкен санаттағы автобус сатып алды. Бұл №10, 11, 21, 22, 40, 55, 57, 1, 2, 9, 18 бағыттағы автобустардың тұрақты қозғалысын айтарлықтай арттырды.

Келесі кезеңде 2024 жылы қалған бағыттардағы автобустарды жаңарту жоспарлануда – №003, 3, 115, 126, 1, 1э, 2, 9, 18, 27.