Әдеп жөніндегі кеңес Ақсу ауылдық округінің әкімін қызметінен босатуды ұсынды
Мас шенеунік қызметтік көлікті жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
31 жастағы Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайдың тәртіптік ісі облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.
Ауылдық округ басшысы 26 қазан күні сағат 05:40-та Ақсу қаласында Привокзальная көшесінде тоқтатылды. Тілеуғали Кендебай қызмет көрсететін Jac көлігін жүргізген. Сараптама жеңіл дәрежелі алкогольдік интоксикацияны көрсетті.
Ақсу қалалық соты шенеунікті 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақсу қаласының әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босатуды ұсынды.