Павлодарда жол-көлік оқиғасынан екі бала зардап шекті

Павлодарда жол-көлік оқиғасынан екі бала зардап шекті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Балаларды жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 тамыз күні сағат 19:10-да Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне кәмелетке толмаған екі бала жеткізілген.

— 2009 жылы туған ұл балаға жабық бас-ми жарақаты және оң жақ аяқтың жабық сынуы диагнозы қойылды. Ал 2011 жылы туған қыз балаға сол жақ тоқпан жіліктің жабық сынуы және жамбас сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды. Екі бала да травматология бөлімшесіне жатқызылды, - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қажетті емдеу-диагностикалық шаралардың барлығы жүргізілуде. Балалар медицина мамандарының бақылауында.