Екібастұз ауылдық аймағында жоғалған әйелді іздеуге еріктілер кірісті
Қазіргі уақытта полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Екібастұз қаласының Vita еріктілері кеше қырда жоғалып кеткен Бесқауға ауылының тұрғынын іздеуге шықты. Әзірге жолдардың жабылуына байланысты қаладан шығу мүмкін емес. Жергілікті тұрғындар да қосылды. Іздестіру жұмыстары жақын маңдағы елді мекендердің дала алқабында жүргізілуде. Біз ол аман-есен табылады деп үміттенеміз, – дейді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде сағат 18.00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің «ВАЗ-2104» автомашинасымен дала алқабына мал іздеуге шыққан. Олар Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде автокөлікті тастап, екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19.00 шамасында жолдасы көлікке оралып, әйелін күте бастайды. Дегенмен әйелі келмеген соң, ер адам полицияға жүгінген.