Май ауданында полицейлер заңсыз алкоголь сатқан әйелді ұстады

Май ауданында полицейлер заңсыз алкоголь сатқан әйелді ұстады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға Көктөбе ауылында тіркелген. Ауыл тұрғыны заңсыз түрде алкоголь өнімдерін сатқан.

– Тексеру кезінде әйелдің үйінен құрамында спирті бар алты литр сұйықтық табылып, тәркіленді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот-химиялық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша құқықбұзушылықтың түпкілікті біліктемесі беріледі, – деді Май ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Жұмагұлов.

Ведомство өкілдері мұндай іс-шаралардың азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ спирттік ішімдіктерді тиісті рұқсат құжаттарынсыз сату заң бұзушылық болып саналатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.