Тереңкөл ауданында тұрғын үй өртенді
Өрт сөндірушілер оқиға орнынан сыйымдылығы 27 литр газ баллонын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 ақпан күні сағат 20:54-те «101» пультіне Байқоныс ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Қамыстан салынған үйдің 60 шаршы метр аумағында шатырдың ағаш құрылымдары, тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті.
– Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері мен екі арнайы техникасы, «102», «103» қызметтері, энергетиктер шықты. Сонымен қатар, ерікті өрт сөндіру бөлімдерінен 15 адам, Байқоныс ауылындағы өрт сөндіру бекетінен екі трактор жұмылдырылды, – дейді департаментте.
Өрт 22:28-де оқшауланып, 23:37-де жойылды. Себептері мен шығыны анықталуда.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.