Павлодарда жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды

Павлодарда жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған бес әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі орталық көше бойында жол ережесін әдейі бұзғаны туралы бейне жарияланғаны анықталды.

– Бейне бойынша тексеру жүргізілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтап, ұстады. Жүргізушіге қатысты нөмірсіз автокөлікті жүргізу, реңкіленген әйнек жасату, оптика қолдану, тәуліктің қараңғы уақытында қысқа жарықсыз жүру және арнайы жарық сигналдарын қолданбағаны үшін бес әкімшілік материал толтырылды. Құқық бұзушыға қандай шара қолданатынын сот анықтайды, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.     

Тәртіп сақшылары жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылады.