Павлодарда ЖОО ғимаратын жаңғырту барысында қызықты жәдігерлер тапты
Табылған зат ғимарат астында бір ғасырдан астам уақыт жатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жұмыскерлер жұмыс барысында 20-ғасырдың басындағы қазақ тілінің латын графикасы қолданылған ескі бланктар табылып, университет тарихшыларына берілді.
1909 жылы салынған Марғұлан университетінің ғимаратында ғылыми қалпына келтіру жұмыстары бесінші ай жалғасуда. Бұл ғимарат жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш болып табылады.
– Кезінде оны оқу орнының балансына өткізген. Өкінішке орай, ауыстыру кезінде ол тозығы жеткен күйде болды. Марғұлан университеті басқармасының шешімімен бюджеттен тыс қаражат есебінен мемлекеттік сатып алу тетігі арқылы бұл салада үлкен тәжірибесі бар «Күмбез» мамандандырылған жобалау-реставрациялау компаниясы» ЖШС дайындаған ғылыми-реставрация жұмыстарының жобасына тапсырыс берілді. Жобаны әзірлеу кезінде ғимараттың барлық тарихи-сәулеттік ерекшеліктері ескеріліп, оның бастапқы құрылымының барынша сақталуы қамтамасыз етілді, – деді жоғары оқу орнында.
ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті тарихи қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мердігер ретінде «Тұран» тарихи-мәдени зерттеулер орталығы» ЖШС-ны тағайындады. Жобаны жүзеге асыруға 139,2 миллион теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта ғимараттың жылу жүйесі жөнделді, қаптал шатыр қалпына келтірілді, терезелер ауыстырылды, шатыр арқалықтары нығайтылды және бірінші қабат пен астыңғы қабат арасында баспалдақтар орнатылды. Келесі кезең ғимараттың тарихи келбетіне сәйкес қасбетін қалпына келтіру болады. Жоба аясына академик Әлкей Марғұланның бюстін орнату да кірді.